Ірі дәулет иелеріне жоғары салық салынуы мүмкін

Ірі дәулет иелеріне жоғары салық салынуы мүмкін

фото: https://pixabay.com/

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ірі капитал иелері үшін жоғарылатылған мөлшерлеме енгізу мәселесі қарастырылатынын айтты.

Үкімет отырысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды.

Азамат Әмриннің сөзінше, салық заңнамасын жетілдіру бөлігінде жыл басынан бері Жобалық кеңес аясында жұмыс жүргізіліп келеді.

"Бүгінде бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, Салық кодексіне нақты өзгерістер пакеті әзірленді. Ірі капитал иелері үшін жоғарылатылған мөлшерлеме енгізу мәселесі халықаралық тәжірибені талдауды ескере отырып қарастырылады. Қазақстан жағдайларына барынша бейімделген тәсіл әзірленеді. Жолдау аясында Мемлекет басшысы инфрақұрылымның "ауқымды құрылысы" бағытын белгіледі. Ол үшін Инфрақұрылымдық даму қоры құрылды", – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Бюджет кодексіне Қор қызметінің құқықтық негіздерін, жобаларды қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ қазынашылық сүйемелдеу мен қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау тетіктерін айқындайтын түзетулер дайындалды.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите