АҚШ-та кәмелеттік жасқа толмаған 72-73 миллионға жуық бала тұрады.
Америкалық миллиардер Илон Маск 2027 жылы АҚШ-тағы әрбір балаға өзінің SpaceX ғарыш компаниясының бір акциясынан сыйлайтынын мәлімдеді.
"Келесі жылы мен Америкадағы әрбір балаға SpaceX компаниямның бір акциясын сыйға тартамын. Бұл көптеген сыйлықтың бастамасы ғана болады", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
АҚШ-та 18 жасқа дейінгі 72-73 миллионға жуық бала бар. SpaceX акцияларының қазіргі құнын есепке алсақ, Масктың сыйлығы шамамен 10,5 миллиард долларға бағалануы мүмкін. Компания биржаға 2026 жылдың маусымында шықты. Бұл ретте миллиардер акциялардың нақты қалай үлестірілетінін әрі оны кімдер ала алатынын нақтыламады.
Масктың мәлімдемесі Claude чат-ботын жасап шығарған Anthropic компаниясының бастамасынан кейін жасалды. Бұл компания өзінің 5% акциясын қайырымдылық қорына бағыттайтынын жариялаған болатын. Илон Маск акцияларды адамдарға тікелей таратуды ұсынып, көп ұзамай өзінің жеке жоспарын көпшілікке айтты.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz