Алматыдан Прагаға тікелей рейстер ашылды

Алматыдан Прагаға тікелей рейстер ашылды

фото: depositphotos.com Дереккөз: https://24.kz/

       10 қазаннан бастап Вьетнамның Vietjet әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстерді іске қосты. Ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.

       Алматы қалалық Туризм басқармасының өкілдерінің мәліметінше, жаңа бағыт арқылы жолаушылар Алматыдан Вьетнам мен Чехияға ұша алады. Рейстер 377 жолаушыға арналған Airbus A330-300 ұшақтарымен орындалады. Алматыдан Ханойға дейінгі ұшу уақыты шамамен 6 сағат 10 минут болса, Прагаға жету үшін 7 сағат 35 минут қажет. 

       Маршруттың ерекшелігі – Vietjet әуе компаниясы «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдаланады. Яғни әуе компаниясы Алматы арқылы Вьетнам мен Чехия арасында да жолаушы тасымалдай алады.

       https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите