Жол апатының куәгері не істеуі керек

Жол апатының куәгері не істеуі керек

фото: pixabay.com

 Жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы минуттар зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаруы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жол апатының куәгерлеріне төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету бойынша кеңес берді.

Министрлік ең алдымен оқиға орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Куәгер апаттық шамдарды қосып, өзі мен басқа адамдарға қосымша қауіп төнбеуін қадағалауы керек.

с

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Жедел жәрдемді қалай шақыру керек

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, оқиғаның нақты орнын және зардап шеккендердің санын хабарлау қажет.

Зардап шеккен адамның жағдайын тексеріңіз

Егер адам ес-түссіз болса, оның тыныс алуын тексеру керек. Зардап шеккен адам қалыпты дем алмай жатса, жүрек-өкпе реанимациясын бастау қажет.

ЖӨР кезінде кеуде қуысына 30 рет басып, кейін 2 рет дем беру ұсынылады. Бұл әрекетті медициналық көмек келгенше жалғастыру керек.

Қатты қан кетсе не істеу керек

Қан қатты кеткен жағдайда жарақаттанған жерді таза матамен немесе дәкемен басып, жедел жәрдем келгенге дейін қысымды ұстап тұру қажет.

Зардап шеккен адамды себепсіз қозғалтпаңыз

Министрлік жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккен адамды қажет болмаса орнынан қозғауға болмайтынын ескертеді. Себебі апат кезінде омыртқа жарақаты болуы мүмкін.


Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите