Қазақстанда ойын бизнесіне қатысты жаңа қаулы қабылданды.
Қазақстан Үкіметі казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жұмыс істей алатын аумақтардың тізімін бекітті.
Қаулыға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды мына аумақтарда орналастыруға рұқсат етіледі:
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы;
Ақмола облысының Бурабай ауданы.
Бұдан бөлек, тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет көрсететін казино мен ойын автоматтары залдарын ашуға болатын аумақтар да белгіленді. Мұндай ойын орындарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ сол жерде жұмыс істейтін немесе қызметтік міндетін атқару үшін келген адамдар кіре алады.
Дерек көзі:https://informburo.kz