Қазалыда балабақша есепшісі 21,5 млн теңгені жымқырған

Қазалыда балабақша есепшісі 21,5 млн теңгені жымқырған

фото: https://pixabay.com/

Заңсыз аударымдар төрт жыл бойы жасалып келген

Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Балабақша есепшісі төрт жыл ішінде штаттық кестеде бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты негізсіз түрде өзінің банктік шоттарына аударып отырған.

"Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жазды прокуратура.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите