Алдағы демалыс күндері Алматыда велоспорттан ауқымды халықаралық жарыс өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша өзгеріс енгізілмек.
16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында ішінде:
"Gran Fondo World Championship" әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 20-дан астам елден мыңға жуық спортшы қатысып, 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтықтар бойынша сынға түседі.
Жарысқа байланысты әл-Фараби даңғылының кей бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі аралықта, ал 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте қозғалысқа шектеу қойылады.
Уақытша өзгерістер жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Осыған орай жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Айта кетейік, жарыстың сөресі мен мәресі әл-Фараби даңғылы, 40 мекенжайындағы Halyk Bank ғимаратының маңында орналасады. Алматы төріндегі халықаралық дода қалаға спорт мерекесінің ерекше тынысын әкелмек.