Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр

Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр

фото: Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде салынып жатқан нысандармен танысты.

Делегация алдымен президент саябағы аумағындағы тоғыз қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жалпы құны 22 млрд теңге болатын жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.

Жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақ та назардан тыс қалмады. Президент саябағы аумағындағы кешенде Қытай, Жапония, Оңтүстік Африка, Аустралия, Мадагаскар, Оңтүстік және Орталық Америкадан әкелінген 92 түрлі 3,3 мыңнан астам экзотикалық және тропикалық өсімдік отырғызылған.

Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театр салу Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр, дейді әкімдікте. Сәуір айында ғимараттың іргетасы қаланып, капсуласы салынды.

"Инвестор қаражаты есебінен құрылысына 20 млрд теңге қаралған кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады. Мұнда 1 млн-нан астам кітап қоры сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа драма театр құрылысына да 20 млрд теңге бөлінген, ғимарат 520 көрерменге арналған.

Сапар барысында өңірде жүзеге асатын жаңа инвестициялық жобалар да таныстырылды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите