Жасөспірімнің асқазанынан 1 келіге жуық бөгде зат шықты

Жасөспірімнің асқазанынан 1 келіге жуық бөгде зат шықты

фото: https://pixabay.com/

Науқас іші ауырып, тәбеті төмендегенін айтқан

Шымкентте дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан 1 келіге жуық бөгде зат алды, деп хабарлады қалалық балалар клиникалық ауруханасы.

2011 жылы туған жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен 30 шілде күні сағат 01:12-де ауруханаға жеткізілген. Науқас іші ауырып, тәбеті төмендегенін айтқан және жалпы әлсіздікке шағымданған. Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер қарап, қажетті зерттеулер жүргізген.

"Дәрігерлер тексеру нәтижесінде оның асқазанында көлемді бөгде зат бар екенін анықтады. Ота барысында дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан трихобеозар (шаштан және басқа да тығыз жиналған бөгде материалдардан түзілетін түйін – агенттік ескертпесі) алып шықты", - делінген хабарламада.

Оның салмағы шамамен 1 келі, ұзындығы 30 сантиметр болды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите