Өндірістік бақылау дегеніміз не және не үшін қажет?

Өндірістік бақылау дегеніміз не және не үшін қажет?

фото: pixabay.com

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады:

 

Өндірістік бақылау дегеніміз не және не үшін қажет?

Тағам қауіпсіздігі - халық денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Сондықтан тағам өнімдерін өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын әрбір кәсіпкер өндірістік бақылауды ұйымдастыруға міндетті.

Өндірістік бақылау - кәсіпорынның санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені. Оның негізгі мақсаты - адам денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу және қауіпсіз өнім өндіру.

Өндірістік бақылау барысында өндірістік үй-жайлардың санитариялық жағдайы, технологиялық процестердің сақталуы, су сапасы, шикізат пен дайын өнімнің қауіпсіздігі, температуралық режимдердің сақталуы, зертханалық зерттеулердің жүргізілуі, сондай-ақ қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуі мен жеке медициналық кітапшаларының болуы тұрақты бақылауда болады.

Өндірістік бақылау не үшін қажет?

Ең алдымен, ол тағамнан уланудың және тағам арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Себебі тағам өнімдерін дайындау, сақтау немесе өткізу кезінде санитариялық талаптардың бұзылуы қауіпті микроорганизмдердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде тағамнан улану жағдайларының туындауына себеп болады.

Өндірістік бақылауды сапалы ұйымдастыру арқылы:
- тағам өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;
- технологиялық процестердің сақталуы бақыланады;
- санитариялық талаптардың бұзылу қаупі төмендейді;
- тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік беріледі;
- тұтынушылардың денсаулығы қорғалады.

Өндірістік бақылау – бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес, кәсіпкердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші. Қазақстан Республикасының санитариялық заңнамасына сәйкес, әрбір кәсіпкер өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеп, оның тұрақты орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Құрметті кәсіпкерлер! Қауіпсіз тағам өндіру - әрбір кәсіпкердің міндеті. Өндірістік бақылауды тиімді ұйымдастыру арқылы сіз тек заң талаптарын орындап қана қоймай, халықтың денсаулығын қорғауға және тағамнан улану жағдайларының алдын алуға өз үлесіңізді қосасыз.

 

Спикер: Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алпысбайұлы Қасымхан

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите