АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін әрбір жүкке "теңіз салығын" енгізбек

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін әрбір жүкке "теңіз салығын" енгізбек

фото: https://pixabay.com/

Мұндай мәлімдемені АҚШ президенті Дональд Трамп жасады.

Ол өз сөзінде Иранға қарсы әскери-теңіз алымын қайта енгізетінін ашық айтып отыр.

– Біз Иранға алым салығын қайта енгіземіз. Ол осылай аталады, өйткені Иранның кемелері мен Иранмен жұмыс істейтін клиенттердің порттарға кіруіне немесе олардан шығуына ғана кедергі жасайды, – деп жазды АҚШ президенті.

Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ Ормуз бұғазының "қауіпсіздік кепілі" қызметін атқарып, бұғаз арқылы тасымалданатын барлық жүкке 20 пайыздық алым енгізеді.

Бұл алым әлемнің аса тұрақсыз өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін орындауға қажетті барлық шығынды өтеуге жұмсалмақ.

– Тиісті тетік әзірлеу және оны қалыптастыру жұмыстары дереу басталады, – деді ол.

АҚШ пен Иран арасындағы соққылардың қайта жалғасуы аясында қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық күшейіп, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысы күрт азайған еді.

Теңіз тасымалы бойынша деректерді талдайтын Kpler компаниясы жексенбі күні бұғаздан небәрі 14 кеме өткенін хабарлады. Бұл соңғы бір айдағы ең төменгі көрсеткіш саналады.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите