Алматыда биыл 100-ден астам лифт ауыстырылады

Алматыда биыл 100-ден астам лифт ауыстырылады

фото: https://pixabay.com/

Жаңартылатын лифтілердің 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған

Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Жаңартылатын лифтілердің 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді.

"Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық лифт қолданыста тұр. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.

Әкімдік мәліметінше, лифтілердің тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите