25 тамыздан: жүргізушілерге жаңа талап

25 тамыздан: жүргізушілерге жаңа талап

фото: fotokto.ru

       2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Жаңа талаптар жол қауіпсіздігін күшейтуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

       Енді 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Тексеру туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде тексеріледі. Егер медициналық қорытынды расталмаса, жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылады.

      Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер теориялық емтиханды қайта тапсырады. Ал емтиханға екі ай ішінде дәлелді себепсіз келмегендердің көлік басқару құқығы тоқтатылады.

       Бұдан бөлек, мас күйде көлік жүргізгендерге жаза қатаңдайды. Қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуға байланысты тоқтатылса да, құқық бұзушы 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер жүргізуші куәлігі болмаса, оны сегіз жыл бойы алу құқығы берілмейді.

      ІІМ жаңа өзгерістер барлық жүргізушіге бірдей емес, заңда көрсетілген нақты жағдайларға ғана қатысты екенін еске салды

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите