Жас қаламгерлерді қолдау жобасы басталды

Жас қаламгерлерді қолдау жобасы басталды

фото: https://kazgazeta.kz/news/

       Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасына өтінім қабылдау басталды.

       Жоба еліміздің барлық өңірінде тұратын 18 бен 35 жас аралығындағы жас қаламгерлерге арналған. Қатысу үшін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болу міндетті емес.

       Бастаманың негізгі мақсаты – жас авторларды қолдау және өңірлердің тарихы мен мәдениетін әдеби туындылар арқылы кеңінен таныту.

       Арнайы комиссия іріктеген қатысушылар Қазақстанның түрлі аймақтарына шығармашылық іссапарларға жіберіледі.

       Жоба аясында қаламгерлердің жол шығындары мен қаламақысы төленеді. Сондай-ақ жазылған шығармалар жинақталып, кітап болып жарық көреді.

       Қатысу үшін үміткерлер өтінім, шығармашылық өмірбаян және белгілі қаламгердің немесе Қазақстан Жазушылар одағы өңірлік өкілінің ұсыным хатын тапсыруы қажет.

       Құжаттар 1 шілдеге дейін Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 105-үй, 26-кабинет мекенжайында немесе jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите