Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған

Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған

фото: https://pixabay.com/

Заңды бұзған мемлекеттік органдардың 4 қызметкері лауазымдарынан босатылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Мемлекеттік орган қызметкерлері жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған.

Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына, мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді, дейді прокурорлар

"Заңды бұзған мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - дейді Түркістан облысының прокуратурасы.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите