Елімізде шомылу маусымы басталды

Елімізде шомылу маусымы басталды

фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде шомылу маусымы басталғанын хабарлады.

 

ТЖМ қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Ерекше назар жаппай демалыс орындары мен балалардың қауіпсіздігіне аударылып отыр.

- Құрметті азаматтар, шомылу үшін арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар, - делінген хабарламада.

Қонаевта 1 маусымнан бастап шомылу маусымы ресми түрде ашылғанын жазған едік.

Жайдары жаз келісімен дүйім жұрттың өзен-көлдің жағасына ағылатыны белгілі. Бірақ өскемендіктер үшін шомылатын жерлер саны азайып отыр. Себебі суы лайланған жағажайлардың бірінде суға түсуге тыйым салынды. 

Подписаться