Елімізде киік етіне сұраныс бар ма?

Елімізде киік етіне сұраныс бар ма?

фото: https://massaget.kz/

        ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметте 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар таныстырылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында киік етіне сұраныс төмен екенін мәлімдеді.

— Өкінішке қарай, қазір киік етіне сұраныс айтарлықтай жоғары емес. Тауарлар өңдеуші кәсіпорындарда жиналып тұрғаны байқалады. Бұған, ең алдымен, Қазақстан сирек кездесетін жануарлар санын қалпына келтіруге байланысты қабылдаған міндеттемелер әсер етіп отыр. Экология және табиғи ресурстар, сондай-ақ, Сауда және интеграция министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен киік етін өткізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, — деді ол.

       Сонымен бірге, киік етін сатуда ұсынылатын баға және оны өңдейтін кәсіпорындардың тізімі өзгермеген.

       https://kaz.inform.kz/



 

Подписаться