Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

фото: https://pixabay.com/

Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады

Астанада тұрғын үйдегі лифтіні бүлдірген вандал ұсталды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйінде ортақ мүлікке қасақана сындырып кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады.

"Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бірінші, кейін екінші лифтінің есігін сындырған. Ол есіктерді қолымен жұлқып ашып, теуіп, жұдырығымен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған", - деп жазылған хабарламада.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите