Әйелдер үй шаруасына ерлерден үш есе көп уақыт жұмсайды

Әйелдер үй шаруасына ерлерден үш есе көп уақыт жұмсайды

фото: www.freepik.com

       Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда орта есеппен үш есе көп уақыт жұмсайды. 

       Министрлік Қазақстандық қоғамдық даму институтының (ҚҚДИ) 2025 жылғы «Қазақстан қоғамының түрлі салаларындағы гендерлік стереотиптер туралы кешенді баяндамасының» деректеріне сілтеме жасайды. Зерттеу 2400 респонденттің қатысуымен жүргізілген.

– Зерттеу нәтижелері бойынша, әйелдердің 90%-дан астамы күн сайын кемінде бір сағатын үй шаруасына арнайды. Сонымен қатар олардың шамамен 80%-ы тұрмыстық міндеттерді негізгі жұмысымен қатар алып жүр. Ал ер азаматтардың 23%-дан 39%-ға дейінгі бөлігі үй шаруасына мүлде қатыспауы мүмкін, - делінген министрлік жауабында.

       Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай жүктеме әйелдердің мансаптық мүмкіндіктеріне әсер ететінін атап өтті.

– Әйелдердің тек журналистика саласында ғана емес, жалпы еңбек нарығындағы мансаптық өсуіне ақы төленбейтін үй шаруасының көп болуы негізгі факторлардың бірі болып отыр, – делінген ведомство жауабында.

       Айта кетейік, осыған дейін Астанада «UMAI» кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтіп, онда кәсіпкер әйелдер бизнесті дамыту, жеке бренд қалыптастыру, қаржылық дербестік және өмірдегі қиындықты еңсеру жайында пікір бөлісті.

       https://kaz.inform.kz/


 

Подписаться