"Жасөспірім” рейді: түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігі қадағаланады

"Жасөспірім” рейді: түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігі қадағаланады

фото: mugalzhar.kz

       Жаз мезгілі басталып, оқушылардың көптен күткен демалысы да келіп жетті. Балалардың алаңсыз асыр салып, серуендейтін шағы. Дегенмен дәл осы кезеңде қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беру маңызды.

       Осыған байланысты полиция қызметкерлері “Жасөспірім”, “Демалыс” атты алдын алу шараларын күшейткен. Заңға сәйкес, кешкі сағат 22:00-ден кейін балалардың көшеде немесе ойын-сауық орындарында ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады. Мамандардың айтуынша, мұндай талап ең алдымен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

       Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты ескерту мен айыппұл шаралары қолданылған. Ал мамандар ата-аналарды балалардың кешкі уақыттағы жүріс-тұрысына мұқият болуға шақырады.

Подписаться