Ұлытауда ақыл-есі кем жүргізуші 129 баланы тасымалдаған

Ұлытауда ақыл-есі кем жүргізуші 129 баланы тасымалдаған

фото: https://pixabay.com/

Өрескел заң бұзу фактісін Қаражал қаласының прокуратурасы анықтап отыр. 

Бірнеше сырқаты бар жүргізуші мектеп директорының жақын туысы болып шыққан.

Тағы бір сорақы жайт, оның көлік басқару құқығы да болмаған.

– Аталған азамат – психоневрологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрады (жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі), бала кезінен мүгедек, сондай-ақ есту қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедек. Бұған қоса, заңды күшіне енген сот шешімімен ол жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралдарын басқару құқығы болмаған, – делінген хабарламада.

Осындай жағдайларға көз жұма қараған Қаражал қаласындағы мектептің директоры туысын ресми түрде жүргізуші ретінде жұмысқа алған. Прокуратураның дерегінше, ол "ПАЗ-423470" маркалы мектеп автобусын тізгіндеп, 129 оқушыны тасымалдаған. 

– Бұл адам – мектеп директорының жақын туысы. Сондықтан, мүдделер қақтығысы бар. Мектеп директорына қатаң тәртіптік жаза берілді, ал жүргізуші жұмыстан шықты, – деп хабарлайды прокуратура.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписаться