Топырақ құнарлығын төмендеткен фермерден жер қайтарып алынады

Топырақ құнарлығын төмендеткен фермерден жер қайтарып алынады

фото: pexels.com

Топырақ құнарлығын төмендеткен фермерден жер қайтарып алынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұржан Әшімбетов айтты, деп жазды kaz.inform.kz.

«Топырақты қорғау туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты бірінші оқылымда талқылау барысында депутат Қайрат Балабиев баяндамашыдан: «Бүгінде топырақ деградациясының ауқымы орны толмас сипатқа ие болып отыр. Дегенмен, заң жобасы ұсынып отырған құралдар шаруаларға қатысты топырақты қорғау және ұтымды пайдалану талаптарын айтарлықтай қатаңдатады. Бұл жаңашылдықтар жер пайдаланушылар жаңа талаптарды орындай алмай қалған жағдайда олардың жер учаскелерін қайта бөлуге әкеп соқтырмай ма? , — деп сұраған еді.

Сауалға жауап берген Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, алдымен мониторинг жүргізіледі. Одан кейін топқырақ құнарының көрсеткіштері төмендейтін болса, онда алдымен фермерлерге ескерту жасалады.

— Жағдайды түзетуге 1 жыл уақыт беріледі. Егер 1 жылдың ішінде жағдай түзелмесе, онда жер инспекциялары жерді қайтару мәселесін көтереді. Жер бірден емес, сот арқылы алынады. Бұл фактілерді анықтау үшін жүргізіледі. Процесс рет-ретімен жасалады, — деді ол.

Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды 

Подписаться