Бүгінгі таңда қалтаңда ақшаң болмаса күнелту мүмкін емес. Ақшаны жинау, көбейту үшін қаржылық сауаттылық керек.
Өкінішке қарай, отандастарымызыдың көбісі тапқан табысын үнемдеуді, дұрыс жұмсауды білмейді. Қаласақ та, қаламасақ та қаржылық сауаттылықты меңгеруге тура келеді және бұл принципті міндетті түрде балаларымызға да үйретуіміз керек. Балалар ақшаны қалай жарату керек екенін, яғни қаржы әліпбиін жастайынан біліп өсуі керек.
«Сапалы Қазақстан» порталының «Өзекті мәселе» бағдарламасында қонақта болған танымал экономист, сарапшы Бауыржан Ысқақ әрбір адам, әрбір ата-ана білуі тиіс көп жайды ашып айтты.