Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды

Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды

фото: https://kz.kursiv.media/kk

       Қазақстанның қай қаласында неке ең көп тіркелетіні белгілі болды. 

       Неке қию саны бойынша Алматы көш бастап тұр. 2026 жылдың басынан бері қалада 4 600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сүйенсек, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некеге тұрады. Орта есеппен әйелдер 29 жасында тұрмысқа шықса, ерлер 32 жасында үйленеді.

       Биыл ең жасы үлкен күйеу жігіт – 92 жастағы зейнеткер. Ал ең жас жұп небәрі 16 жаста болған.

       Алайда неке саны жоғары болғанымен, ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері қалада 934 жұптың некесі бұзылған. Орта есеппен ер адамдар 39 жасында, ал әйелдер 37 жасында ажырасуға шешім қабылдайды.

 

Подписаться