Өзбекстанға саяхаттап барушылардың саны артқан

Өзбекстанға саяхаттап барушылардың саны артқан

фото: https://pixabay.com/

Жыл басынан бері 935 мыңнан астам қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізген

Алғашқы төрт айда Өзбекстанға 4 миллионнан астам шетелдік турист саяхаттап келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 4 айда шетелдік туристердің саны 29,9%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (1,14 млн адам), Тәжікстан (965,4 мың адам) және Қазақстаннан (935 мың адам) келген.

Сондай-ақ, Ресей (341,8 мың адам), Ауғанстан (161,5 мың адам) және Қытай (132,2 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

Сондай-ақ, биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Атамекен — Сырдария» кедендік бақылау бекеті жөндеуден кейін қайта ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 13 маусымнан «Ташкент - Қостанай - Ташкент» бағыты бойынша рейс орындай бастайды.

 Дерек көзі: https://kaz.inform.kz

 

Подписаться