Оралда ер адамды фотосымен бопсалаған әйел ұсталды

Оралда ер адамды фотосымен бопсалаған әйел ұсталды

фото: https://pixabay.com/

Күдікті деректерді жария етпеу үшін 500 мың теңге талап еткен

Оралда 31 жастағы әйел ер адамды бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Әйел ер адамды фотосуретті таратамын деп қорқытқан.

"Деректерді жария етпеу үшін 500 мың теңге талап еткен. Күдікті ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында ақшалай қаражат, сондай-ақ құқыққа қайшы қызметтің дәлелдері бар ұялы телефон тәркіленді", - дейді полиция.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться