Трамп НАТО елдерінен АҚШ әскерін әкетуді қарастырып жатыр

Трамп НАТО елдерінен АҚШ әскерін әкетуді қарастырып жатыр

фото: GLOBAL LOOK PRESS/kaz.inform.kz

АҚШ Қорғаныс министрлігі Германиядан шамамен 5 мың сарбазды шығару туралы бұйрық шығарды. Енді Ақ үй басшысы Дональд Трамп НАТО-ның басқа елдерінен де америкалық сарбаздарды әкету мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Трамп АҚШ-тың Германиядағы әскери қатысуы осыған дейін жарияланған көрсеткіштен айтарлықтай қысқаратынын мәлімдеді. Бұдан бөлек АҚШ президенті Испания мен Италиядан да америкалық әскерді шығару ықтималдығын ескертті. Осылайша Вашингтон Тегеранға қарсы соғыста одақтастарының қолдауына көңілі толмағанын меңзеп отыр.

"Италия бізге көмектескен жоқ, бұл Испанияға да қатысты", – деп атап өтті ол. 

2 мамыр күні НАТО-ның баспасөз хатшысы Эллисон Харт X әлеуметтік желісінде Солтүстікатлантикалық альянстың АҚШ-пен бірге мәселені талқылап жатқанын жазды.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда Еуропадағы әскери базаларда 68 мыңға жуық америкалық әскери қызметші болған. Олардың жартысынан астамы, яғни шамамен 36 400 сарбаз Германия аумағында қызмет атқарады. Бүгінде Германияда АҚШ армиясының шамамен 20 әскери нысаны бар, олардың дені елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында орналасқан. 

Подписаться