Былтыр банктер ауыл шаруашылығына 207 млрд теңге несие берген

Былтыр банктер ауыл шаруашылығына 207 млрд теңге несие берген

фото: https://pixabay.com/

— Қазір ауыл шаруашылығына берілген несиенің қайтарымы — 99%. Бұл шаруалардың қаржылық тұрғыдан тұрақты екенін, сектордың сенімді екенін көрсетеді. Елдегі екінші деңгейлі банктер бірнеше жыл бұрын аграрлық саланың тәуекелі жоғары деп, несие беруге сақтықпен қарайтын. Қазір жағдай біртіндеп өзгеріп жатыр. Былтыр банктер арқылы агроөнеркәсіп кешеніне 207 млрд теңгеден астам қаражат салынды, — дейді ол.

А.Сапаров бұл АӨК-ке бір жылда бағытталған бүкіл қаражаттың 20%-ынан астам бөлік екеннін айтады.

— Бұл іске ForteBank, Halyk Bank, Freedom Bank, БанкЦентрКредит және Bereke Bank қатысты. Біздің міндет — мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту ғана емес, салаға жеке меншік капиталдың келуін жеделдету. Мұндай механизм жұмыс істей бастағанын да көріп отырмыз, — дейді министр.

Бұған дейін әлемдегі сиыр етінің бағасы мен Қазақстандағы бағаны салыстырған едік. 

Дерекк көзі: https://kaz.inform.kz

Подписаться