Биыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

Биыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

фото: https://pixabay.com/

Бұл туралы "Рейтер" агенттігі жазды. 

Агенттік климаттанушы ғалымдардың халықаралық зерттеу тобына сілтеме жасады.

Ең қауіптісі, аптаптың салдарынан өрт жиілеп, басқа да табиғи апаттардың көбеюі ықтимал. Мамандар әсіресе Солтүстік жартышарда "Эль-Ниньо" құбылысы жағдайды ушықтырады деп болжайды. Яғни Тынық мұхитының экватор бөлігіндегі судың беті қатты қызып, ғаламдық жылуға тікелей әсер етеді. Онсыз да жыл басынан бері қызыл жалынның кесірінен 150 миллион гектардан астам жер күлге айналды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 20 есе көп. Бәрінен Африка мен Азия елдері қатты зардап шеккен.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписаться