Келісуші органның тиісті қорытындысы 3 сәуірге дейін беріледі
Алматыдағы крематорий сәуірдің соңында ашылады, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Крематорийді ашу сәуір айының үшінші онкүндігіне жоспарланған.
"Крематорийді іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде қажетті құжаттар пакеті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келісуге жіберілді. Келісуші органның тиісті қорытындысы 3 сәуірге дейін беріледі", - дейді басқармада.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро" коммуналдық мекемесі крематорийдің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін қызметтер бағасының прейскуранты мен крематорий қызметінің қағидаларын қоса алғанда, ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар әзірлеген.
Көрсетілген ішкі құжаттарды бекіту кәсіпорынның жарғылық қызметіне қызмет түрлерін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Дерек көзі: https://sputnik.kz