WhatsApp

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы табылды

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы табылды
фото: pixabay.com

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz. 

Әпкесінің айтуынша, қазіргі уақытта Әсем полиция бөлімшесінде.

Сурет видеокадрден алынған. kaz.tengrinews.kz

"Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатып тұр. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толық мәліметті жариялай алмаймыз. Бірақ ең бастысы - ол табылды", - деді әпкесі.

Бұған дейін Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған.

Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Кейін бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді.

"Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында.