ҰБТ-ны өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді

ҰБТ-ны өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді
фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Ұлттық біріңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу ережелеріне өзгертулер енгізетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады kaz.inform.kz. 

Құжат 2017 жылдан бері қолданыста болған ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізеді.

Өткізіп алған тестілеуді басқа күнге ауыстыру

Жаңа ережеге сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, бірақ емтиханға келмеген талапкерлер тестілеу кезеңі ішінде кейінгі күндердің бірінде бос орын болған жағдайда тест тапсыра алады, деп жазды kaz.tengrinews.kz.

Ол үшін дәлелді себеп болу керек:

  • ауру немесе ауруханаға жатқызу;
  • жақын туысының қайтыс болуы;
  • республикалық немесе халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға немесе спорттық жарыстарға қатысу;
  • төтенше жағдай.

Мұндай жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына өтініш жазып, растайтын құжаттарды қоса тапсыру қажет.

Өтініш беру мерзімі бекітілді

Ережеде тестілеуге қатысу үшін өтініш беру кезеңдері де белгіленген. Өтінішті онлайн түрде:

  • 20–30 желтоқсан;
     
  • 15–25 ақпан;
     
  • 10–25 сәуір;
     
  • 25 шілде – 5 тамыз аралығында беруге болады.

Тіркелу кезінде талапкер тестілеу пунктін, емтихан күнін және уақытын таңдайды.

Егер талапкер өтініш беру мерзімін өткізіп алса, бос орын мен дәлелді себеп болған жағдайда, оған кейін тіркелуге мүмкіндік беріледі.

Мұндай себепке ауру, жақын туысының қайтыс болуы, олимпиадаға қатысу немесе төтенше жағдай кіреді.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сонымен қатар ҰБТ-ға электрондық форматта қатысу үшін өтініштерді беру мерзімдері мен тәртібі жаңартылды. Орынды себептер болған жағдайда, қатысушы стандартты мерзімнен кейін тіркеле алады.

Жаңартылған редакцияда апелляция тапсыру тәртібі де кеңейтілді. Тестілеуден кейін қатысушы нәтижелер мен талдау картасымен танысуға 10 минут алады. Содан кейін ол апелляцияға өтуге немесе процесті аяқтауға мүмкіндік алады. Апелляция нәтижелері 30 жұмыс күні ішінде жарияланады.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының топтары жаңартылды, соның ішінде В060 «Химиялық инженерия және процестер» бағдарламасы «Химия» және «Физика/Биология» пәндерімен толықтырылды.

Құжат биылғы жылдың 15 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат kaz.tengrinews.kz, kaz.inform.kz сайттарынан алынды.