Түркістан облысында 3 жасар бала даладағы әжетхана шұңқырына құлап кетті

Түркістан облысында 3 жасар бала даладағы әжетхана шұңқырына құлап кетті
фото: https://pixabay.com/

Құтқарушылар баланы шығарып алып, 103 қызметінің мамандарына тапсырды

Түркістан облысында құтқарушылар даладағы әжетханадан 3 жасар баланы шығарды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"112 пультіне Түркістан облысының Ақниет ауылында 2023 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы әжетханаға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түсті", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар баланы шығарып алып, 103 қызметінің мамандарына тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайтынын тағы бір ескертті.

Дерек көзі: https://sputnik.kz