фото: бұл президент Дональд Трамп бастаған ауқымды жаһандық сауда соғыстарының келесі кезеңі болмақ
Трамп әкімшілігі АҚШ-тың 16 ірі сауда серіктесіне қатысты бірқатар тергеу бастайтынын мәлімдеді. Бұл импортқа жаңа тарифтердің енгізілуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы kaz.inform.kz NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарланғандай, бұл президент Дональд Трамп бастаған ауқымды жаһандық сауда соғыстарының келесі кезеңі болмақ. Осылайша, АҚШ Сауда өкілінің кеңсесі негізгі сауда серіктестері, соның ішінде АҚШ импорты көздерінің ең ірі «бестігіне» кіретін Еуропалық Одақ, Мексика және Қытайға қатысты ресми тергеу бастап жатыр.
АҚШ-тың жаңа шаралары 301-Бөлім деп аталатын сауда заңына сәйкес сондай-ақ Сингапур, Швейцария, Норвегия, Индонезия, Малайзия, Камбоджа, Таиланд, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Тайвань, Бангладеш, Жапония және Үндістанға әсер етеді.
- Бұл тергеулер біздің деректерімізге сәйкес, экономикасының әртүрлі өндіріс салаларында құрылымдық артық қуат байқалып отырған, мысалы, сауда балансының үлкен және тұрақты оң сальдо, сондай-ақ толық пайдаланылмаған немесе қуаттары пайдаланылмаған елдерге бағытталады, - деді АҚШ сауда өкілі Джеймисон Грир.
Грирдің айтуынша, АҚШ сонымен қатар «мәжбүрлі еңбек» арқылы өндірілген импорттық тауарларға қатысты тергеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, АҚШ Жоғарғы соты Трамптың кейбір әлемдік тарифін заңсыз деп таныды.
АҚШ президенті өзінің сауда саясатына қатысты Жоғарғы сот шешімін қарап шыққан соң, бұрын жарияланған 10 пайыздың орнына 15 пайыздық баж салығын енгізді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через