фото: pixabay.com
Соңғы бес жыл Қытайдың денсаулық сақтау жүйесі үшін тарихи прогресс кезеңі болды. Бұл уақытта медицина саласының көптеген бағытында айтарлықтай жақсару байқалған, деп хабарлайды Синьхуа.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті төрағасы Лэй Хайчао 14-шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төртінші сессиясы аясындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.
Лэй Хайчао атап өткендей, алғашқы медициналық көмекті дамытуға бағытталған саясат нәтижесінде бастапқы деңгейдегі медициналық мекемелерге жүгінетіндер саны тұрақты түрде артқан. 2025 жылы ел бойынша барлық медициналық диагностика мен емдеудің 52,6%-ы осындай алғашқы медициналық ұйымдарда жүргізілген. Сонымен қатар, қалада да, ауылдық жерлерде де бастапқы деңгейде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің саны көбейіп келеді.
— Қазіргі уақытта Қытай халқының 90%-дан астамы үйінен ең жақын медициналық мекемеге 15 минут ішінде жете алады. 2025 жылдың соңына қарай елде 1,1 миллионнан астам медициналық мекеме және 16 миллионнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Бұл шаралар 1,4 миллиард халқы бар елде медициналық қызметтің қолжетімділігі мен әділдігін арттыруға мүмкіндік берген, — деді Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті төрағасы.
Алдағы уақытта негізгі күш алғашқы медициналық көмекті күшейтуге және қызмет көрсету мүмкіндіктерін арттыруға бағытталады. Бұл жұмыстар педиатрия, психикалық денсаулықты қорғау, жалпы медицина және оңалту ісі бойынша мейіргерлік сияқты бағыттарды қамтиды.
Фото: Синьхуа
Сонымен қатар халықтың медициналық қызметке қолжетімділігін кеңейту үшін мобильді медициналық бригадалар, телемедицина және онлайн-консультациялар бұрынғысынша қолданылатын болады.
Лэй Хайчао денсаулық сақтау жүйесін реформалау әрі қоғамдық денсаулық қауіпсіздігін нығайту жұмыстары жалғасатынын айтты.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через