фото: https://pixabay.com/ru/
Жаңа туған нәресте — отбасындағы тоғызыншы бала
Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында тоғызыншы сәби дүниеге келді. Сәбиге Атазаң есімі берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Жаңа туған нәресте — отбасындағы тоғызыншы бала. Ұл бала салмағы 4130 грамм, бойы 57 сантиметр.
Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбидің жағдайы жақсы.
Сәбидің дәл осы күні дүниеге келуі отбасы үшін ерекше оқиға болды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында ана мен баланы қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Көпбалалы отбасыларға түрлі әлеуметтік көмек пен қолдау түрлері көрсетіледі, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через