фото: https://pixabay.com/
Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 76 млрд теңгеге бағаланып отыр
Ақмола облысында майды сығындылау зауытын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Содружество Қазақстан" серіктестігі күнбағыс, рапс, соя және зығыр тұқымдарын терең өңдейтін жоғары технологиялық кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
Зауыттың өндірістік қуаты — тәулігіне 3 мың тонна шикізат, яғни жылына шамамен 1 млн тоннаны құрайды.
"Кәсіпорында жыл сайын 300 мың тоннаға дейін өсімдік майы және 400–500 мың тонна шрот пен жом өндіріледі. Жобаны іске асыру мерзімі 18 айдан 36 айға дейін деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 76 млрд теңгеге бағаланып отыр. Нәтижесінде 400-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорынды іске қосу май-тоң май саласын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға маңызды серпін береді, дейді министрлікте.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через