фото: pixabay.com
2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.
Гүлдердің негізгі жеткізушісі — Эквадор.
Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген, деп жазды Kazinform.
Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:
• Қытай — 2 678 тонна
• Нидерланд — 1 702 тонна
• Колумбия — 778 тонна
• Кения — 739 тонна
— Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған — 6 219 тонна, — делінген хабарламада.
Материал Kazinform сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через