фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі
2026 жылдың 10 наурыз күні сағат 17:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) Оразбек Есенбаевтың ДИХОТОМИЯ атты жеке көрмесі салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Апат ерекшелік болудан қалып, уақыттың қалыпты күйіне айналған кезде.
«Дихотомия» – Оразбек Есенбаевтың XXI ғасыр шындығын өнер тілі арқылы зерттейтін жаңа жобасы. Көрерменге алғаш рет ұсынылатын 30 жаңа туынды (2025), жібекке тушьпен орындалған, тәртіп пен хаос, симметрия мен күйреу, идеология мен жеке таңдау арасындағы кернеулердің тұтас визуалды жүйесін қалыптастырады.
Жібектің нәзік беті жады мен тарихтың метафорасына айналады: мұнда оқиғалар жоғалмайды, бірінің үстіне бірі қабаттасып, заманауи адамның тәжірибесін қалыптастырады. Көрме белгілі бір баяндауды емес, көрермен бақылау мен интерпретацияның тең қатысушысына айналатын ойлану кеңістігін ұсынады.
Көрменің ашылуы:
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залы (Желтоқсан көшесі, 137)
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через