фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform https://kaz.inform.kz
Жыршылар алдымен насихат термелерін, халық әндері мен халық композиторларының әндерінен бастады. Жыр кешіне Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының бас офицері Қуандық Шыңғысұлы Құдайбергенов қатысып отыр.
Ақтөбедегі Халық шығармашылығы орталығында қазір жыршылар терме, дастан айтып жатыр. Жыр кеші төрт бөлімге бөлінген. Алдымен насихат термесі, халық әндері жырланды. Ал II, III, IV бөлімдерде «Қырымның қырық батыры» жырланады. V–VI бөлімде «Діни қиссала» мен «Насихат» термелері айтылады.
— Өте қысқа мерзімде шешім қабылданды. Шетелдегі 13 сарапшының ішінен төртеуі қарсы болды. Көпшілік қолдауымен жоба қолдау тапты. Негізі Финляндия мемлекетінің эпосы әлемге танымал екен. Барлық эпосты, фольклорлық жырды рекордқа кіргізіп алған ел осы. Басқа халық рекордқа кірмеген. Сөйтіп ақтөбеліктер түркітілдес елдер ішінде, ұлы дала халықтары ішінде бірінші болып әлем рекорды кітабына енеді, — деді Жыр жобасына Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының бас офицері Қуандық Құдайбергенов.
Жыр жобасы рекордтар кітабының талабына сәйкес таспаға түсіріледі, арнайы сарапшылар тәулік бойы бақылап отырады. Жыршылар шығармашылық үйіне қонады, осында ауқаттанады. Олардың әрқайсысының өз кезегі бар.
Эпостанушы ғалым Асқар Тұрғанбаевтың айтуынша, «Қырымның қырық батыры» дастанын мамандар 1942 жылдан бастап жазып алған. Ақтөбелік жыр мектебінің жыршылары дәл сол нұсқаны орындайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сариннің айтуынша, бұл күні 33 оқушы мен 2 мұғалім жыр айтады. Олардың бірі 4-5 сағат, тағы бірі 15-20 минут жырлайды.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через