фото: ru.wikipedia.org
Алматы қаласындағы бірқатар қоғамдық көлік маршрутында Avtobys электрондық жүйесі арқылы жолақы төлеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.
Жаңа қызмет №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады, деп жазды Informburo.kz. Аталған бағыттарға Avtobys төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады.
"Жолаушылар жолақыны QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы Avtobys мобильді қосымшасымен төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады. Қызметті пайдалану үшін қосымшаны App Store, Google Play немесе AppGallery платформаларынан жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет", – делінген хабарламада.
Avtobys – Қазақстанның 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Алматыда жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп, қалалық көлікті тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи әрі ыңғайлы етпек.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через