фото: adebiportal.kz
Елімізде «Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасы жарияланды.
Аталған жыр додасының мақсаты – қазақ тарихында айрықша орны бар Тана Мырза Тілемісұлының есімін ұлықтап, оның ерлігі мен өнегесін жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ ұлттық поэзиямызды жаңа, тың туындылармен толықтыру.
Мүшайраға қатысам деушілер екі бағыт бойынша бақ сынай алады: бірі – Тана Мырзаға арналған өлең, екіншісі – еркін тақырыптағы жыр. Байқауға жас шектеуі қойылмайды. Талап бойынша ұсынылатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.
Өтінімдер 2026 жылдың мамыр айына дейін қабылданады. Ал үздік деп танылған ақындар маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында марапатталады.
Жүлде қоры да қомақты: бас жүлде – 800 мың теңге. Сондай-ақ І, ІІ, ІІІ орындар мен арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Толық ақпарат пен шығармаларды жолдау үшін: tana_myrza@mail.ru электрондық поштасына хабарласуға болады
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через