фото: https://pixabay.com/
Ол азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан
Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды.
Семей қаласының тұрғынына онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деген айып тағылды.
"2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы "TikTok" әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.
Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бас прокуратура Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынғанын ескертті.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через