Таиландқа демалуға не үшін бармау керек?

Таиландқа демалуға не үшін бармау керек?
фото: pixabay.com

Таиландқа 2026 жылғы наурыз–сәуір айларында баруды жоспарлап отырған туристер аптап ыстыққа дайын болуы керек, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz  тілшісі Thaiger басылымына сілтеме жасап.

Елдің Метеорология департаменті ресми ескерту жариялап, биыл жаз маусымы әдеттегіден ертерек - ақпанның аяғында басталып, мамырдың ортасына дейін созылатынын мәлімдеді.

Болжамға сәйкес, кей өңірлерде ауа температурасы шектен тыс жоғары болуы мүмкін. Әсіресе наурыздың аяғы мен сәуірдің ортасы аралығында аптап күшейеді. Ең қатты ыстық солтүстіктегі Мэ Хонг Сон, Лампанг және Так провинцияларында деп болжанды: күндіз ауа 42–43°C-қа дейін жетуі ықтимал. Таңертең салыстырмалы түрде салқындау болғанымен, күндізгі ыстық айқын сезіледі.

Наурызда елдің басым бөлігінде күн қатты ысиды. Сонымен қатар, маусымдық найзағай, кей жерлерде өткінші нөсер болуы да мүмкін.

Сәуірдің аяғынан мамырдың ортасына дейін ауа райы тұрақсыздана түседі: жоғары ылғалдық сирек болса да, нөсерлі жаңбыр мен найзағаймен қатар жүреді. Бұл - маусымдық климат ауысуына байланысты.

Метеорология департаменті күн өту, сусыздану және денсаулыққа қатысты өзге де қауіптердің алдын алу үшін мына сақтық шараларын ұсынады:

  • күннің ең ыстықта (күндіз) ұзақ уақыт далада жүрмеу;
  • жеңіл, ашық түсті киім, бас киім киіп жүру;
  • күннен қорғайтын крем жағу;
  • су ішу және сусыздануды алкогольден бас тарту;
  • кенет найзағайлы жаңбырға дайын болып, қолшатыр не арнайы киім алып жүру және жергілікті дауыл туралы ескертулерді қадағалау.