Қытайда интернет пайдаланушылар саны 1,1 миллиардтан асты

Қытайда интернет пайдаланушылар саны 1,1 миллиардтан асты
фото: pexels.com

 Салалық есепке сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай Қытайда интернет пайдаланушылар саны 1,125 миллиардқа жетіп, интернеттің ену деңгейі 80,1 пайызды құрады. Kazinform ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап осылай деп хабарлады. 

Бейсенбі күні Қытайдың Интернет желісі ақпарат орталығы жариялаған есепте елдің тұтыну және өндірістік секторларында жасанды интеллект технологияларының кеңінен енгізіліп жатқаны атап өтілген.

Қазіргі таңда Қытайда генеративті жасанды интеллектіні 602 миллион адам қолданады.

Есеп деректеріне сәйкес, 2021–2025 жылдар аралығында Қытайдың интернет секторы айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізген.

Бұл өсім интернет қамту аясын кеңейту, технологияларды тереңірек қолдану және инновациялық шешімдерді жетілдіру арқылы көрініс тапқан.

Бұған дейін Қытайда Мьянмадан экстрадицияланған 11 мыңнан аса телефон алаяғы тергеуге алынғаны белгілі болды.