фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Dovapi
Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Мереке күндері жолаушылар санының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске қосымша үш пойыз шығарады. Сонымен қатар сұраныс жоғары бағыттарда қатынайтын пойыздарға қосымша 230 вагон тіркеледі.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 35 мың орын ұсынылады.
Қосымша пойыздар қозғалысы:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
- Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
- Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
- Астанадан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
- Шымкенттен: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
- Ақтөбеден: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
- Астанадан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
https://nege.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через