фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/NMK-Studio
Дәрігерлердің айтуынша, кейбір күнделікті тұтынатын тағамдар есте сақтау қабілетіне кері әсер етіп, деменция қаупін арттыруы мүмкін. Терапевт Галина Крелич бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында когнитивтік қабілетке зиян келтіретін өнімдерді атап өткен.
Мамандардың сөзінше, өңделген ет өнімдері — шұжық, бекон, ветчина — құрамындағы тұз бен консерванттардың көптігімен қауіпті. Бұл заттар мидың қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатып, қабыну үдерістерін күшейтуі ықтимал.
Сондай-ақ фастфуд өнімдері — бургер, картоп фри, наггетстер — қаныққан май мен тұзға бай әрі жоғары калориялы. Мұндай тағамдарды жиі тұтыну артық салмаққа, қан қысымының көтерілуіне, қан тамырлары ауруларына әкелуі мүмкін. Ал бұл факторлар деменция қаупін арттыратыны белгілі.
Ми қызметіне тәтті газдалған сусындар мен десерттер де кері әсер етеді. Олар қандағы глюкоза деңгейін күрт жоғарылатып, уақыт өте келе зат алмасу жүйесін бұзуы мүмкін. Артық қант диабетінің дамуына жол ашып, когнитивтік функциялардың әлсіреуіне әсер етеді. Осыған байланысты мамандар ақ нанды, тоқаш өнімдерін және жоғары сұрыпты ұннан жасалған макаронды шектеуге кеңес береді.
Денсаулық – әр адамның ең қымбат байлығы. Сондықтан күнделікті ас мәзіріне мұқият қарап, теңгерімді тамақтану қағидаларын ұстану маңызды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через