фото: pixabay.com
Әлемдік нарықта күміс бағасы 36%-ға құлдырап, тарихи антирекорд тіркелді. Ал алтын 12%-ға арзандады. Бұл да соңғы 40 жылдан астам уақыттағы бағаның ең ауқымды құлдырауы болып отыр. Бұл туралы DW жазды, деп хабарлады kaz.inform.kz.
30 қаңтар күні әлемдік қымбат металдар нарығында күрт құлдырау тіркелді. Соңғы уақытқа дейін геосаяси тұрақсыздық, соғыстар және АҚШ Федералдық резерв жүйесінің жаңа басшылығына қатысты белгісіздік аясында алтын мен күмістің бағасы тұрақты түрде өсіп келген еді. Инвесторлар мен орталық банктер алтынды қорғаныш активі ретінде белсенді түрде сатып алды.
Алайда 30 қаңтарда Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің төрағасы қызметіне Кевин Уоршты ұсынды. Нарықтар бұл шешімді болжамды әрі тұрақты монетарлық саясаттың белгісі ретінде қабылдап, қымбат металдарға деген сұранысты күрт төмендетті.
Нәтижесінде алтынның бағасы бір унциясы үшін психологиялық маңызды саналатын 5000 доллар деңгейінен төмен түсті. Бағаның 12%-ға төмендеуі алтын үшін 1980 жылдардың басынан бергі ең ірі біркүндік құлдырау болды.
Ал күмістің бағасы бір күн ішінде 36%-ға арзандап, бүкіл тарихтағы ең ірі біркүндік антирекордты жаңартты.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через