Алматыда ауыр қылмысқа барғандар ұсталды

Алматыда ауыр қылмысқа барғандар ұсталды
фото: pixabay.com

Алматыда полиция қызметкерлері адам ұрлап бара жатқандардың жолын кесті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Түскен жедел ақпаратқа сәйкес, белгісіз тұлғалар бір азаматты күш қолданып, көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оқиға бойынша ақпарат дереу тіркеліп, жедел басқару орталығы "Ұстау" жоспарын енгізді. 

Полиция экипаждарының үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті көлік қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды. Көлік салонында жәбірленуші және оқиғаға қатысы бар бірнеше ер адам болған. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, ойдан шығарылған себептермен азаматқа психологиялық қысым көрсетуге тырысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Бұл – аса ауыр қылмыс. Куәгердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз әрекеттердің жолы кесілді. Азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге және күмән туындаған жағдайда "102" нөміріне дереу хабарласуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан. 

 

 

ҚР Қылмыстық Кодекстің 125-бабында көрсетілгеніндей, адам ұрлағандар төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады, деп жазды kodeksy-kz.com. Ал бала ұрлағандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады