фото: pixabay.com
Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Музей осыған дейін сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істеген еді.
Енді сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді.
Фото: Алматы әкімдігі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына музейге тек күндіз емес, кешкі уақытта да баруға мүмкіндік береді. Дүйсенбі – санитарлық күн.
Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жинақтау және насихаттаумен айналысатын мәдени орталық. Музей экспозициясы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Алматының тарихын бейнелейтін 11 залдан тұрады.
Фото: Алматы әкімдігі.
Музей қорында көне экспонаттар, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениеттің айғағы саналатын археологиялық заттар, жазбаша деректер жиынтығы сақталған.
– Жұмыс уақытының ұзартылуы музейге келушілер аясын кеңейтуге, соның ішінде жұмыс немесе оқу аяқталғаннан кейін кешкі уақытта мәдени орындарға бару мүмкіндігін арттыруға бағытталған, - делінген хабарламада.
Алматы музейі Қабанбай батыр, 132 мекенжайында орналасқан.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через